Денсаулық

Қазақстандық спортшы дзюдодан ардагерлер арасында Әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы дзюдодан ардагерлер арасында Әлем чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы дзюдодан ардагерлер арасында Әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Дзюдо федерациясынан хабарлады. 18-21 қараша күндері АҚШ-та дзюдодан ардагерлер арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлем біріншілігіне 63 елден 999 дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасынан 11 дзюдошы қатысып, ел намысын абыроймен қорғады.  Атап айтқанда, жарыстың бірінші күнінде  100 келіде бақ сынаған Жарашуев Нұрлан үздіктер қатарынан көрініп, қола медальға ие болды. Әлем чемпионатының екінші күнінде отандасымыз Кинтонов Мұрат барлық қарсыластарын иппонмен жеңіп, 100 келіде Әлем чемпионы атанды. Ал 60 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан жерлесіміз Кац Александр мен 57 келіде белдескен Тыныбаева Рыскүл үшінші орыннан көрініп, ел қоржынына қос қола медалін салды. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 қола медальмен 63 ел ішінде 20-орынмен Әлем чемпионатын сәтті аяқтады.

ақпарат көзі kazinform.kz