Желіде жаңа эстафета пайда болды
Желіде жаңа эстафета пайда болды
"I LOVE KZ" атауымен әлеуметтік желілерде жалпыұлттық флешмоб бастау алды. Осы бастаманы әнші Қайрат Нұртас та Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көк байрағымызбен бірге түскен суреттерді жариялау эстафетасын қолдады, - деп хабарлайды Baq.kz. "Біз барлығымыз өз еліміз, Отанымыз - Қазақстанды сүйеміз, қазір мен сіздердің әрқайсысыңыздың Қазақстан жалауымен суретке түсіп, оны #I_LOVE_KZ xештегімен орналастыруға шақырамын! Еліміздің жалауымен селфиге, суретке түсіңіздер, дакфейс, снапчат жасаңыздар! Біздің идеямызды қолдаңыздар және достарыңыз бен таныстарыңызға жеткізіңіздер, сіздердің барлық таспаларыңыз біздің жалаудың сары-көк түсімен жарқырай берсін! Елімізге деген маxаббатты осылай жеткізуге тырысып көрейік! Жылдағыдай Тәуелсіздік күнін жаңа жылдың көлеңкесінде қалдырмау өзімізге байланысты!" - деп жазды Қайрат Нұртас. Бұл бастаманы Қыдырәлі Болманов та қолдап, желіге отбасымен бірге көк байрақпен түскен суретін жариялады. "Аталарымыздың арманы болған, ақ білектің күшіменен, ақ найзаның ұшыменен қорғап өткен, арман еткен, Алла бірақ бізге, ұрпағына нәсіп еткен, қасиетті де киелі Тәуелсіздігімізге 24-күн уақыт қалды. Бүгіннен бастап Қазақ елінің әр тұрғыны әлеуметтік желілерде әр түрлі, ең бастысы көк байрақ туымызбен, үлкен болсын, кішкентай ту болсын, отбасымызбен, жеке болсын, ауылда, қалада түскен суреттерін жарияласа. Ең бастысы ниет. Өз Тәуелсіздігімізді өзіміз ұлықтау флэшмобын қабыл алыңыздар. Жалғастырыңыздар. Өзіміз әрекет жасайық. Құрметті қазақстандық бауыр-қарындастарым!!! Жан емес маған керегі, көк тудың желбірегені!", - деп жазды Қыдырәлі Болманов Instagram желісіндегі өзінің парақшасында.
ақпарат көзі tengrinews.kz