Ресей мен Грузия балуандарының күресі жаппай төбелеске айналды
Ресей мен Грузия балуандарының күресі жаппай төбелеске айналды
Бухарестте Еуропалық ұлттар кубогы үшін жарыста ресейліктер мен грузиндік балуандар арасында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс". Рингте грек-рим стилімен кұресетін балуандар Имиль Шарафетдинов пен Зураб Датунашвили шықты. Кездесу аяқталар уақытта олар сөзге келіп қалып, жанжал шықты. Осы уақытта екі жақтың басқа да балуандары мен команда бапкерлері де араласа кетті. Төбелесті дер кезінде тоқтату мүмкін болды, ал төбелесті бастаушылар төрешілер шешімімен жарыстан қуылды. Жарыс қорытындысы бойынша Ресей балуандары Еуропалық ұлттар кубогын жеңіп алды. Финалда олар украиналықтардан басым түсіп, 6:2 есебімен жеңді. Ал, Грузия болса небәрі төртінші орынға табан тіреді.
ақпарат көзі tengrinews.kz