Денсаулық

Ғалымдар тәттіден толмайтынын дәлелдеді

Ғалымдар тәттіден толмайтынын дәлелдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам қанты көп өнімнен семірмейді, деп хабарлады Нью-Мексико университетінің ғалымдары. Тәтті белгілі бір жағдайларда ғана адам ағзасына кері әсер етеді. Зерттеушілер бірқатар эксперименттер жүргізді, оған 2 мыңдай ерікті қатысты. Тәжірибе барысында семіздіктен зардап шеккен адамдардың ауру туындау тарихы назарға алынды. Қатысушылардың жартысына жуығына майсыз, тәттісіз толықтай дұрыс тамақтануға ауысу ұсынылды. Екінші топ қалыпты режімде тамақтанды. Анықталғандай, қант тек майлы тағам және көмірсумен бірге ғана семіруге алып келеді екен. Қуырылған өнімдермен бірге тәттіні көп жеу де зат алмасуда айтулы проблема туындатады, яғни майдың шектен тыс жиналуына алып келеді, деп хабарлады Svopi.ru.

ақпарат көзі kazinfor.kz