Қазақстандағы қайың орманы туралы эссе жазған ресейлік қыз NatGeo байқауында жеңімпаз атанды
Қазақстандағы қайың орманы туралы эссе жазған ресейлік қыз NatGeo байқауында жеңімпаз атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын Мәскеуде өтетін және үздік туристік бағыттарды анықтайтын «National Geographic Traveler Awards 2016» байқауының қорытындысы бойынша «ЭКСПО 2017» «Қазақстан - ашылу кезеңі» номинациясында ресейлік Мария Мещерякова жеңімпаз атанды. Қатысушылар Қазақстанның аса танымал емес көрікті жерлері туралы айтып, саяхат бағытын құрып, өз кеңестерімен бөлісулері керек. 45 эссенің арасынан М.Мещерякованың Қазақстандағы Қайыңды көлі - Тянь-Шань таулары арасындағы қайың орманы туралы жазған шығармасы үздік деп танылды. М.Мещерякова көрші елдегі туризм туралы Рим қаласында магистратурада оқып жүргенде қазақстандық көршісінен естіген. «Ол маған Қазақстанның таңғажайып жерлері туралы әңгімеледі. Менің қызығушылығым оянып, бір елдегі түрлі мекенді өз көзіммен көргім келді және Қазақстанға саяхаттың бағытын құрдым. Одан кейін «National Geographic Traveler» байқауына қатысуды жөн көрдім. Онда Қайыңды көлі туралы эссе жаздым», - деген М.Мещерякова Қазақстанда әлі болмағанын, өзі эсседе көрікті жерлерге баруды армандайтынын айтты. «Мен өзім онда барып көрген жоқпын, бірақ күндердің күнінде сол тамаша орманға барып, сноубордпен сырғанауды армандаймын. Бұл да «әл-Дубай» сияқты, бірақ бұл Қазақстан - жақын әрі ыстық», - деді ресейлік қыз.
ақпарат көзі kazinfor.kz