Әлеумет

Бір жыл бір күндей болмайды

Бір жыл бір күндей болмайды

Қазір күзгі әскерге шақыру науқаны жүруде. Осыған орай облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшылығы Отан қорғаушылардың тыныс-тіршілігімен таныстыру үшін ата-аналарға арналған ашық есік күнін өткізуде. Бұл шараға облыстық «Ауған соғысы ардагерлері» кеңесінің төрағасы Дүкенбай Ермеков, «Ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рақымжан Малыбаев, интернационалист-жауынгерлер Дәулет Баймаханбетов, Рамиль Тартыков және болашақ сарбаздардың ата-аналары қатысты. Қатысушыларға шара барысында облыстық жинақ пункті оның ішінде, дәрігерлік куәландыру пункті, асхана, жатын бөлме, жуынатын бөлмелер көрсетілді. Ата-аналар облыстық жинақ пунктінде барлық жағдай жасалғанына риза. «Әскери міндеттілік – жастардың патриоттық борышын атқаруға деген талпынысы, олардың отаншылдық сезімі өсуінің нақты айғағы. Әскер – үлкен өмірлік мектеп. Сондықтан, сонда шынығып-шыңдалудың орны бөлек. Олар сарбаз болуына қуанса, біз Отан қорғаушыларды өсіргенімізге қуаныштымыз», – дейді олар. Департамент бастығы полковник Бақыт Әбдібаев болашақ сарбаздарға сәт-сапар тілеп, Отан алдында борыштарын абыроймен өтеулеріне тілектестік білдірді

Гауһар Қосжанова, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие және идеологиялық бөлімінің маманы.