Экономика

ЕАЭО бұрыннан қалыптасқан достық қатынастарды сақтауға септігін тигізеді – А.Молдағұлов

ЕАЭО бұрыннан қалыптасқан достық қатынастарды сақтауға септігін тигізеді – А.Молдағұлов

Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылуы елдер арасында тек экономикалық байланыстарды нығайтып қоймай, сондай-ақ бұрыннан қалыптасқан достық қатынастарды сақтауға септігін тигізеді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов айтты.

«Жаңа одақ сенім мен теңдік бауырлас республикалармен үйлесімді жұмыстың арқасында қол жеткізуге болатын интеграциялық үдерістер үшін негізгі күш екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Жаңа бірлестік өз алдына тек бірыңғай мақсаттар қояды: жеделдетілген жаңғырту және Қазақстан, Ресей және Беларусь экономикаларының бәсекеге қабілеттігінің артуы. ЕАЭО-ға басқа мемлекеттердің басшылары да қызығушылық танытып отыр, бұл тегін емес. Өйткені одаққа мүше болу кез келген мемлекеттің беделін арттырады», - дейді Артур Молдағұлов.

«Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, аймақтағы партия мүшелері болашаққа үлкен үмітпен қарайды, өйткені Еуразиялық экономикалық одақ отанымыз бен оның азаматтарының әл-ауқатын жақсарту үшін кең мүмкіндіктерге жол ашып отыр.

Ақпарат көзі: www.bnews.kz