Жаңалықтар

Ұстазының түрін-ай

Ұстазының түрін-ай

Қайыпназар ШОТБАСОВ.

– Сен осы Қайырбайды да, Дайырбайды да ұстаз дейсің. Соныңа таңғаламын. – Оның несіне таңғаласың? Екеуі де ұстазым. – Қайырбай ғой, түсінікті. Ол сені мектепте оқытқан болар? – Иә, ол біздің сынып жетекшіміз болды. Сол үшін ұстаз деймін. – Ал Дайырбайдың мұғалімдікпен бес қайнаса сорпасы қосылмайды. Ол қандай ұстазың? – Енді ұстаз болған соң, ұстаз да. – Жоқ, шыныңды айтшы. – Туһ, қоймадың ғой. Ол маған арақ ішуді үйретті. Оның да өз мектебі бар екен ғой. Байқап ішуден бас жазуға дейін. Соның бәрін сол кісіден үйрендік. – Ұстазың ұстаз-ақ екен.