Денсаулық

Қанат Ислам - Әлем чемпионы

Қанат Ислам - Әлем чемпионы

Бүгінгі кештің басты жекпе-жегінде отандасымыз Қанат Ислам ганалық Патрик Аллотеймен жұдырықтасып, қарсыласын 12 раундқа созылған кездесуде ұпай бойынша ұтты. Кәсіпқой рингтегі 22-ші кездесуінде жеңіске жеткен Қанат Ислам «WBA Fedelatin» белбеуін қорғап, жартылай орта салмақтағы WBO Inter Continental тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетсек, «Алматы Арена» сарайында өткен бокс кешін тікелей эфирде көрсеткен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы. Бүгінгі бокс кешінің қайталауын «Kazsport» телеарнасынан 30 қазан күні  20:40-та тамашалай аласыздар.  

ақпарат көзі kaztrk.kz