Спорт және туризм

Головкин-Джейкобс кездесуі өтуі мүмкін күн белгілі болды

Головкин-Джейкобс кездесуі өтуі мүмкін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес Fighthype.com порталына берген сұхбатында өзінің тәлімгерінің америкалық Дэниел Джейкобспен қашан кездесетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап. «Мен кездесу өткізу мәселесі бойынша ортақ келісімге келеміз деген ойдамын. Егер біз сайыс наурыз айында өтеді деп жоспарласақ, ол мүлдем өтпейді»,-деді Санчес. Айта кетейік, HBO бұл күнді 10 желтоқсан деп белгілеген болатын. Алайда, промоутерлер Том Лефлер мен Эл Хэймон кірістерді бөлісу мен кездесу өтетін орын бойынша мәселені шеше алмады.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат