Денсаулық

Қанат Исламның қарсыласы Аллотей Қазақстанға келді

Қанат Исламның қарсыласы Аллотей Қазақстанға келді

Қазақстандық боксшы Қанат Исламмен кездесу үшін ганалық боксшы Патрик Аллотей өз бапкерімен Қазақстанға келді, деп хабарлады pulse.com.gh. 26 жастағы африкалық 36 кездесу өткізіп, екеуінде ғана ұтылған, қалған жекпе-жектерін жеңіспен аяқтаған. Ол өз карьерасының басында ол барлық 30 жекпе-жекте жеңіске жетіп, тек екеуінде жеңілді. Алғашында 2014 жылы Замбияда Зимбабве боксшысы Чарльз Манючидн және  2015 жылы АҚШ-та бразилиялық боксшы Патрик Тексейрге есе жіберді. Қанат Ислам осы уақытқа дейін  21 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Гананың бұрынғы чемпионы және орта салмақтағы WBC International Silver чемпионы «Қанат Исламды жеңемін» деп санайды. Қанат Ислам WBA Fedelatin нұсқасы бойынша өз белдігін қорғамақ. Сондай-ақ WBO Inter-Continental және IBO International нұсқалары бойынша чемпион белдіктері сарапқа салынады. «Техника, тактика бойынша жұмыс істедік және жекпе-жекке дайынбыз. Бұл оңай болмайтынын білеміз, алайда алынбайтын қамал жоқ», - деді Аллотейдің бапкері Офори Асаре ұшар алдында. Бапкер Асаре шәкірті Қазақстан жанкүйерлерінен жасқанбайтынына да сенімді. Бапкердің сөзіне қарағанда, Аллотей жеңсе, оның жеңімпаз ретінде беделі көтеріледі. Еске сала кетейік, 29 қазанда Алматыда «Алматы арена» спорт кешенінде Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі өтеді.   Қанат Исламнан басқа бокс кешінде Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шәрібаев, Айдос Ербосынұлы шаршы алаңға шығатын болады.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат