Денсаулық

Қанат Ислам мен Патрик Аллотей жекпе-жегі "Қазақстан" арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

Қанат Ислам мен Патрик Аллотей жекпе-жегі "Қазақстан" арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі

Қазақстандық Қанат Ислам мен ганалық Патрик Аллотей жекпе-жегі "Қазақстан" арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайдыVesti.kz. Қарсыластар WBA Fedelatin және WBO Intercontinental нұсқалары бойынша титул үшін белдеседі. Жекпе-жек 29 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 18.00-де "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді. Сонымен қатар, Қанат Ислам мен Патрик Аллотей жекпе-жегінің андеркартында қазақстандық боксшылар Жәнібек Әлімханұлы, Жанқош Тұраров, Руслан Мырсатаев, Әли Ахметов, Айдар Шәрібаев пен Айдос Ербосынұлы өнер көрсетеді. Айта кетейік, билеттер 3 қазаннан бастап сатылымға шықты. Еске салайық, осыған дейін Қанат Исламның 29 қазанда рингке киіп шығатын шапанының үлгісі жарияланған болатын.  

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz