Денсаулық

Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

Елбасы Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады

Кездесуде С.Жасұзақов Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі және Қарулы Күштердегі жедел-әскери дайындық барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан Президенті ведомствоның жаңадан құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен арада өзара тиімді іс-қимылды жолға қоюының маңыздылығына назар аударды. Сондай-ақ, Қорғаныс министрі Қарулы Күштер құрамында өтіп жатқан қорытынды сынақтың бүгінгі күнге дейінгі оң нәтижелері жөнінде мәлімдеді.  

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.