Түкті адамның арманы не?
Түкті адамның арманы не?
Қытайлық Ю Дзюнчан ресми түрде әлемдегі ең түкті адам ретінде танылған. Сирек кездесетін ауруға шалдыққан оның денесінің 96 пайызын түк басқан. Есту қабілеті нашарлағаннан кейін оның құлағына ота жасалып, құлақ қалқанындағы түктері алынған. Азаматтың алақаны мен табанына ғана түк өспейді. Мұндай сирек дертке дәрігерлер атавизм деген диагноз қойыпты. Бірақ бұл ерекшелігі Дзюнчанның жігерін жасытпаған. Ол өзінің өзгешелігімен атын шығаруға бел байлады. «Maohai.com» веб-сайтына өзінің суреттерін жиі салады. Оның парақшасына күніне мыңдаған адам кіреді екен. Ол қиялындағы қызды жолықтырып, шаңырақ көтеруді армандайды.