Бортында 19 адам болған Ми-8 тікұшағы құлады
Бортында 19 адам болған Ми-8 тікұшағы құлады
Ресейде құлаған Ми-8 тікұшағында жоғары лауазымды шенеуніктер, оның ішінде Мурманск облысы губернаторының орынбасары Сергей Скомарохов пен “Апатит” компаниясының бас директоры Алексей Григорьев болған деп хабарлайды BNews.kz.
“СПАРК” әуе компаниясына тиесілі Ми-8 тікұшағы Восточное Мунозеро елді мекені маңына құлаған. Соңғы ақпараттар бойынша, Ми-8 тікұшағы апатынан қаза болған 12 адамның денесі табылды. Онда барлығы 19 адам болған: бесеуі экипаж мүшелері, 13-і жолаушылар. Олардың тек екеуі тірі қалған. Қалғандары аман қалмады деген болжам айтылуда. Енді 5 адамның сүйегі іздестірілу үстінде. Кеше осы облыс аумағында әуе апатына байланысты қаралы күн жарияланды.