- Advertisement -

Бурабайда триатлоннан Азия чемпионаты өтуде

61

- Advertisement -

Кеше Бурабайда триатлоннан жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты басталды.

Екі күн бойы курортты өңірде өтетін сайысқа Гонконг, Жапония, Сирия, Өзбекстан, Корея, Сингапур, Моңғолия, Филиппин, Иран, Малайзия, Тайпей, Қытай, Таиланд және Казақстанның жас триатлоншылары қатысуда. Сондай-ақ, осынау шараға Азия триатлон федерациясы, Дене шынықтыру және спорт ісі жөніндегі агенттік, Ақмола облысы әкімдігі, Бурабай ауданы әкімдігі, ҚР триатлон федерациясы және болашақ олимпиадашыларды дайындайтын жасөспірімдер мен балалардың облыстық спорт мектебі мұрындық болып отырғанын айта кеткен жөн. Жарыс жолына алдымен қыздар, сонан соң ер балалар шықты. Сайыс ережесі бойынша триатлоншылар алдымен 750 метр суда жүзіп, 20 шақырым велосипедпен жарысады және 5 шақырым жаяу жүгіреді. Бүгін командалық есеп бойынша жарыстың қорытынды кезеңі ұйымдастырылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарланған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support