Денсаулық

Дубайда Аладдин қаласының құрылысы басталды

Дубайда Аладдин қаласының құрылысы басталды

Дубайда салынатын Аладдин қаласының дизайнының құрастыру жұмыстары дүйсенбі күні басталды, - деп хабарлайды Arabian Businessбасылымы қала билігінің өкілдеріне сілтеме жасап. Аладдин мен Теңізші Синбад деген араб ертегілерінің желісі бойынша салынатын жоба Dubai Creek бұғазы аумағында орналасады екен.  src= Муниципалитеттің хабарламасы бойынша, үш ғимараттың дизайны құрастырылып жатыр. Дизайнның соңғы нұсқасы бір жыл ішінде таныстырылады деп күтіліп отыр  src= Аладдин қаласының 2014 жылдан бері салынатыны хабарланып келеді. Оның ішінде сауда орталықтары және қонақүйлер орналасады, оларды айдаһар мен жыланның кейіпіндегі құрылыс жалғап тұрады және қозғалмалы еден болады. Жобаның жалпы ауданы - 110 мың шаршы метр.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz