Түркияда жарылыс болды: 17 адам қаза тапты
Түркияда жарылыс болды: 17 адам қаза тапты
Түркияның Хаккари провинциясы Шемдинли ауданындағы жандармерия күзет орны маңындағы миналанған көлікте болған жарылыстан кем дегенде 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайдыРИА Новости провинция губернаторы Гюнет Орхан Топрактың хабарламасына сілтеме жасап. Осыған дейін Түркия қарулы күштерінің бас штабындағылар сегіз адамның қаза тауып, тағы бес әскеридің зардап шеккенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ, Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмыс партиясындағылар осы жарылысты ұйымдастырды деген күдіктің болғаны айтылды. "Шемдинлиде болған жарылыстың салдарынан 17 адам қаза тапты, олардың тоғызы - әскерилер. Олардан басқа тағы 27 адам зардап шекті", - деп мәлімдеді Топрак телеарнаға берген сұхбатында.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz