Жамбыл
Жамбыл
тәтті түбір өткен жылғыдан көп
Ауданда қант қызылшасын жинау науқаны басталды. Түсім жылдағыдан мол. Әр гектар алқаптан 300-350 центнерден тәтті түбір жиналуда. Бұған Франциядан әкелінген сапалы қант қызылшасының тұқымы ықпал еткен. Ауданда биыл 1200 гектар жерге тәтті түбір егілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға артық.