Жамбылда не жаңалық?

Шу ауданы

Шу ауданы

20 адам жұмыспен қамтылды

«Алпар групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шу қаласында «Petrol mobil» жанар-жағармай орталығын ашты. Жаңа жұмыс орнында 20 адам жұмыспен қамтылды. Серіктестік басшысы – Ерқанат Қожахметов. Еуростандартпен соғылған бұл кешенде көлік жуу, май айырбастау және шағын маркет те қызмет көрсетеді. Кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына Шу ауданының әкімі Рүстем Дәулет арнайы қатысып, нысанның лентасын қиды.