Қазақ-қытай шекарасында 73 келі жалған iPhone мен Samsung тәркіленді
Қазақ-қытай шекарасында 73 келі жалған iPhone мен Samsung тәркіленді
Алматы облысындағы «Алтынкөл» кедендік бекетінің қызметкерлері әлемге танымал смартфон брендтерінің жалған көшірмелерін тәркіледі. 30 қыркүйек күні «Жаркент» бақылау-өткізу бекетінде кедендік шекарадан жалпы салмағы 73 келі болатын 346 ұялы телефонды алып өту әрекеті жасалды. «Қазіргі уақытта ұсталған тауардың құнын бағалау жұмыстары жүруде», - делінген Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат