Денсаулық

Қазақстандықтар енді ұялы телефондарын купе ішінде де қуаттандыра алады

Қазақстандықтар енді ұялы телефондарын купе ішінде де қуаттандыра алады

Қазақстанда ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінен бастап жолаушыларды, жүктерді тасымалдаудың жаңа қағидалары күшіне енді, деп хабарлайды primeminister.kz. Еліміздегі темір жол тасымалына жаңа ережелер енгізілді. Оған сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған баланың заңды өкілі болып табылмайтын жолаушы, пойызға отырғызу кезінде кәмелеттік жасқа толмаған баланы пойызда алып жүру құқығын беретін баланың заңды өкілімен берілген нотариалды мақұлданған құжатты (сенімхат) көрсетеді. Сонымен бірге, жолаушылар пойызына отырғызу кезінде баланың заңды өкілі бар болған жағдайда, кәмелеттік жасқа толмаған баланы пойызда алып жүру құқығын беретін баланың заңды өкілімен берілген нотариалды мақұлданған құжат (сенімхат) қажет етілмейді. Сондай-ақ, жолаушыларға міндетті түрде көрсетілетін қызметтердің тізіміне купе ішінде ұялы телефондарды қуаттандыру кіреді.  

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат