26 белсенді Тәуелсіздік шыңын бағындырды
26 белсенді Тәуелсіздік шыңын бағындырды
2016 жылдың 1-қазанында 26 адамнан құралған топ Өгем тау жотасының шығыс жағында орналасқан «Тәуелсіздік шыңын» бағындырды. Белсенділер тобы 4100 метрлік шыңды бағындырған сапарларын Тәуелсіздік 25 жылдығына арнады. Осындай видеоны Қайрат Кәрібаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жария етті. Тәуелсіздік шыңы батыс Тянь-Шань сілеміндегі Өгем тау жотасының шығысында орналасқан. «Бұл біздің таулар» атты фестивалі аясында ұйымдастырылған 3-ші жорықта құрамында альпинистер, қала тұрғындары мен белсенді топ мүшелері бар 26 азамат осы шыңды бағындырды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат