Экономика

Қызылордадан – күріш, Жамбылдан – қант

Қызылордадан – күріш, Жамбылдан – қант

Әлеуметтік маңызды тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін Жамбыл мен Қызылорда облыстарындағы тұрақтандыру қорлары бірлесе жұмыс атқармақ. Бүгін өңірлер арасындағы кәсіби біліктілік пен тәжірибе алмасу мақсатында Сыр өңіріне барған әулиеаталық делегация 100 мың тонна күріш сатып алу үшін арнайы келісім шартқа қол қойды. – Бүгін «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік ұлттық корпорациясы» АҚ мен «Қызылорда әлеуметтік кәсіпкерлік ұлттық корпорациясы» АҚ-ы өзара келісім шартқа қол қойдық. Бізде күріш өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Сондай-ақ Тараз қаласында тұрақтандыру қорының арнайы дүкендері жұмыс істейді. Онда әлеуметтік маңызды азық-түлік төмен бағамен сатылады. Біз сатып алған өнімдерімізді жәрмеңкелерде саудалаймыз. Бұл екі тарапқа да тиімді болады,-деді «Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік ұлттық корпорациясы» АҚ директоры Шамсат Исабеков. Ал Әулиеата өңірінен Қызылорда облысының қант сатып алуға мүмкіндігі бар. Өйткені аймақта 2 бірдей қант зауыты жұмыс істейді. Кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін шаруалар биыл көктемде 6 мың гектар жерге тәтті түбір орналастырған болатын. 3 қазаннан бастап өңірде қант қызылшасын жинау науқаны басталады. Естеріңізге сала кетейік, Өңірлер арасында кәсіби біліктілік пен тәжірибе алмасу үшін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған арнайы делегация Қызылорда облысында жүр. Екіжақты кездесу барысында ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, мәдениет салаларына байланысты бірнеше меморандумдарға қол қойылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік маңызды тауарлар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін Жамбыл мен Қызылорда облыстарындағы тұрақтандыру қорлары бірлесе жұмыс атқармақ. Бүгін өңірлер арасындағы кәсіби біліктілік пен тәжірибе алмасу мақсатында Сыр өңіріне барған әулиеаталық делегация 100 мың тонна күріш сатып алу үшін арнайы келісімшартқа қол қойды. – Бүгін «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік ұлттық корпорациясы» АҚ мен «Қызылорда» әлеуметтік кәсіпкерлік ұлттық корпорациясы» АҚ өзара келісімшартқа қол қойдық. Бізде күріш өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Сондай-ақ Тараз қаласында тұрақтандыру қорының арнайы дүкендері жұмыс істейді. Онда әлеуметтік маңызды азық-түлік төмен бағамен сатылады. Біз сатып алған өнімдерімізді жәрмеңкелерде саудалаймыз. Бұл екі тарапқа да тиімді болады, – деді «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік ұлттық корпорациясы» АҚ директоры Шамсат Исабеков. Ал Әулиеата өңірінен Қызылорда облысының қант сатып алуға мүмкіндігі бар. Өйткені, аймақта 2 бірдей қант зауыты жұмыс істейді. Кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін шаруалар биыл көктемде 6 мың гектар жерге тәтті түбір орналастырған болатын. 3 қазаннан бастап өңірде қант қызылшасын жинау науқаны басталады. Естеріңізге сала кетейік, өңірлер арасында кәсіби біліктілік пен тәжірибе алмасу үшін Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған арнайы делегация Қызылорда облысында жүр. Екіжақты кездесу барысында ауыл шаруашылық, өнеркәсіп, мәдениет салаларына байланысты бірнеше меморандумдарға қол қойылды. Сондай-ақ, кеше кешкілік Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында Жамбыл және Қызылорда өнерпаздарының концерті болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.