Денсаулық

«Хабар» арнасында «Пай-пай 25» бағдарламасы көрерменге жол тартады

«Хабар» арнасында «Пай-пай 25» бағдарламасы көрерменге жол тартады

«Хабар» арнасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай көрермен назарына арнайы бағдарлама ұсынбақ. «Пай-пай 25» деп аталатын әлеуметтік ток-шоу Қазақстанның ширек ғасыр ішінде жеткен жетістерін саралайды. Ресми жаңалықтардан бөлек, мұнда жұртшылық біле бермейтін мәліметтер, қызық оқиғалар айтылатын болады. Бағдарламаның «Пай-Пай 25» деп аталуы тегін емес. Бұл ел Тәуелсіздігінің 25 жылда жеткен жетістіктеріне таңдандырып, тамсандыратын жоба. Мәселен «Тұңғыш» бөлімінде Тұңғыш Президент сайлауы, Қазақстан азаматының Тұңғыш ғарышқа ұшуы сынды естеліктер сараланады.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері: - Бағдарлама енді 12 бөлімнен тұрады. Әр бағдарламаға осылай таңылған. Мысалы толқыныс, «Тұңғыш», «Серпіліс», «Таңданыс», «Эйфория» сияқты бөлімдерден тұрады. Осы көңіл-күйге жауап беретін, осы көңіл -үйге сәйкес келетін сәттерді көрсетеміз. Әлеуметтік ток-шоудың тізгінін Қымбат Досжан, Айгүл Иманбаева, Нұрсултан Құрман, Азамат Сатыбалды, Әсел Акбарова сынды өзге де танымал да дарынды тележүргізушілер ұстайды. Қонаққа эксперт ретінде саясаткерлер, өнер адамдары, спортшылар, қоғамда есімдері белгілі тұлғалар келеді. Жобаға шақырылған Түркия мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшілері ширек ғасыр ішінде еліміздің өркендеуіне серпін берген жобалар жайында өз пікірлерімен бөліседі.

Әсел Қайролла, «Пай-пай 25» жобасының редакторы: - Мысалы бізде қонақта ҚР ең алғашқы Сыртқы істер министрі келді. Оның алғашқы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ең алғашқы ресми сапарына қалай барды? Мәселен, Мәскеуге бару үшін бір ұшаққа жанар-жағармай құйып, Атырауға жетіп бір түнеп, Оралға жетіп бір түнеп, сондай жағдайлардан, сондай қиын кезеңдерден өткені туралы қызық-қызық информациялар бар. «Пай-пай 25» бағдарламасы 1 қазанан бастап эфирге шығарылады. Көрермен әр сенбі сайын сағат 22:00 көгілдір экраннан тамашалай алады. Ақпарат көзі: www.24.kz