Денсаулық

Нұркент қаласы қандай болмақ?

Нұркент қаласы қандай болмақ?

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы аптада Талдықорғанға жұмыс сапары кезінде Алматы облысындағы жаңа Нұркент қаласын дамытудың бас жоспарымен танысты.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды. Әзірге теміржолшылардың кенті болып табылатын Нұркент — бұл “Қорғас” шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру бойынша жобаның және “Қорғас – Шығыс қақпасы” арнайы экономикалық аумағының бір бөлігі. Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасынан хабарлағандай, 2015 жылғы ахуал бойынша халық саны екі мың адамды құрайды. 2022 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 мың адамға, 2030 жылға қарай – 75 мыңға, 2035 жылға қарай – 100 мың адамға ұлғайту жоспарлануда.