Экономика

ЕАЭО аясында Қырғызстан көліктерін рәсімдеу оңайға түседі

ЕАЭО аясында Қырғызстан көліктерін рәсімдеу оңайға түседі

Қырғызстан КО мен ЕАЭО-ға кірсе, бұл одақтардың тарифтік кеден саясаты автокөлік саласына да әсер етпей қоймайды. Мұндай пікірді BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында саясат ғылымдарының кандидаты, «Саясат конъюнктурасы орталығы» ЖШҚ талдаушысы, РФ үкіметі жанындағы Қаржы университетінің оқытушысы Евгения Махмутова білдірді.

«Мұнда әңгіме Бірыңғай тарифтік кеден саясаты мен автокөлік саласы жөнінде болып отыр. Одақ аясында Қырғызстанға үлкен жеңілдіктер беріледі, яғни, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында тұратын азаматтар Қырғызстаннан алған көлігін шекара асып, рәсімдеп, есепке қойып жатпайды», - дейді Евгения Махмутова.

Оның айтуынша, қазір Қырғызстанда КО-ға кіру бойынша «Жол картасы» жұмыс істеп жатыр, алдағы уақытта ЕАЭО-ға кіру жоспары жасалады.

Ақпарат көзі: www.bnews.kz