Денсаулық

Қазақстанда қазан айынан бастап қандай теңге номиналдары айналымнан шығады?

Қазақстанда қазан айынан бастап қандай теңге номиналдары айналымнан шығады?

Елімізде 2006 жылы шыққан ақша үлгілерінің айналымнан шығатын уақыты жақындап қалды. 2016 жылдың 4 қазанынан бастап бұл банкноттар төлем есебінен алынып тасталмақ.

Олардың қатарында сыртында Бәйтеректің кесіні мен алақан бейнеленген 2 мың, 5 мың және 10 мың теңге номиналдары бар. Бұл туралы Liter.kz хабарлайды. Ұлттық банктің мәлімдеуінше, ел арасында 1000 теңгелік номиналдар да айналымнан шығады деген қаңқу әңгімелер расталмайды. 2006 шыққан 1000 теңгеліктер 2014 жылы шыққан жаңа түрдегі номиналмен қатар жүре бермек. Бұл мәселе жоғарыда аталған ҚР үкіметіне, Ислам ұйымы конференциясына, ЕӘҚҰ мен «Күлтегінге» арналған үш купюраға қатысты. Номиналдардың айналымнан шығу уақыты аз қалғанымен, сауда нүктелері әлі заңды деп есептелетін ақшалардан 3 қазанға дейін бас тартуға құқысы жоқ. Керісінше істеген жағдайда кіші кәсіпкерлікке 5 АЕК, орта кәсіпкерлікке 10 АЕК, ірі кәсіпкерлікке 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады.  Арызданушылар Ұлттық банктің кез келген бөлімшесіне хабарласа алады. Барлық қазақстандықтар уақыты бітпестен банктің филиалдарында купюраларын ауыстыра алады. 2016 жылдың 4 қазаннан бастап 2017 жылдың 3 қазанына дейін аталған номиналдарды екінші дәрежелі банктерде жаңа ақша түріне ауыстыруға болады. Ұлттық банктің барлық банктерінде 2006 жылы шыққан 2000, 5000, 10000 теңге номиналдары 2020 жылдың 3 қазанына дейін тегін түрде жаңа үлгіге ауыстырылады. Мұның басты себебі технология дамыған сайын жалған ақшалар жасау ісі көбейіп кетті. Әсіресе ескі номиналдарды жалған жасау ісі көптеп кездеседі. Сондықтан ұлттық банк осындай шешім қабылдауда. Аталған номиналдарды қабылдаудан, айырбастаудан бас тартқан банктер мен ұйымдарға 50 АЕК көлемінде айыпппұл салынады.

Ақпарат көзі: Stan.kz