Елімізде дәрігерге қаралу бір жыл ішінде 20 пайызға қымбаттап кеткен
Елімізде дәрігерге қаралу бір жыл ішінде 20 пайызға қымбаттап кеткен
Елімізде дәрігерге қаралу бір жыл ішінде 20 пайызға қымбаттап кеткен, - деп хабарлайды ranking.kz. Жаз соңында бір реттік дәрігерге қаралу ҚР бойынша орта есеппен 2041 теңгені құрап, бұрынғы бағаға қарағанда 20 пайызға өскен. Үлкен қалалар мен мегаполистер арасында бір реттік қаралу ақысы ең орта бағасы Алматыда байқалған (3677 теңге, 30,5 пайызға өскен), ең төмен баға Қарағандыда (1253 теңге, бір жылда 5,2 пайызға өскен). Ал ең жоғары баға Қостанай қаласында - 56,9 пайызға өсіп, 2413 теңгені құраған. Жалпы қан тапсыру бір жыл ішінде 10,5 пайызға (781 теңге қосылған), зәр тапсыру - 10,9 пайызға (550 теңге қосылған) өскен. Тіс дәрігерлерінің қызметі, жергілікті жансыздандыру қолданып бір тісті жұлдыру орта есеппен 2800 теңгені құрап, бір жыл ішінде 13,8 пайызға өскен. Медициналық орталықтар, емханалар мен ауруханалар 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында 238,7 миллиард теңгеге қазақстандықтарға денсаулық сақтау бойынша қызметі көрсетілген. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың қаңтар-маусым айларының аралығындағы көрсеткішпен салыстырғанда 38,5 (19,2 пайызға) миллиард теңгеге өскен.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz