Экономика

ЭКСПОРТҚА БАҒДАРЛАНҒАН ӨНІМ ӨНДІРЕДІ

ЭКСПОРТҚА БАҒДАРЛАНҒАН ӨНІМ ӨНДІРЕДІ

2015-2019 жылдары 32 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Болат ЕСІМБЕКОВ, облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Біз индустриялық бағдарламаның екінші бесжылдығына көштік. Таңдалатын жобалардың сапасын арттыру өте маңызды. Жаңа бесжылдықта шикізаттық емес, экспорттық өнімге бағыт алу қажет екенін басып айтамын. Экспорттық әлеует, жоғары өнімділік, жаңашылдық таңдалатын жобалардың негізгі өлшемдері болуы тиіс. Үкіметке бұл бағдарламаны қолдауға қажетті қосымша 112 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлуді тапсырамын» деп атап көрсетті. Елбасы атап көрсеткен Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының екінші бесжылдығы 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста жалпы құны 511,4 миллиард теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 5590 және іске қосылу кезеңінде 5401 жаңа жұмыс орнының ашылуы жоспарлануда. Олардың ішінде жалпы құны 356,5 миллиард теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба республикалық Индустрияландыру картасы бойынша іске асырылуда және іске қосылу кезеңінде «ЕвроХим Удобрения» ЖШС Қаратау қаласынан минералды тыңайтқыштарды өңдейтін химия зауытының құрылысы бар. Онда 2000 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Былтыр жалпы құны 30,5 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылды, 425 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал 2016 жылы жалпы құны 17,6 миллиард теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, 380 жаңа жұмыс орны ашылады. Бірінші жартыжылдықта құны 3,7 миллиард теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылып, 175 адам тұрақты жұмысқа орналасты. «ОАҚК» ЖШС Меркі филиалы құны 698 миллион теңге болатын, жылына 101 мың тонна өнім өндіретін «Шырынды тазалайтын цехты қайта жаңғырту» жобасын іске қосты. 18 адам жұмыспен қамтылды. «Луговой жылқы зауыты» ЖШС пайдалануға берген «Құрама жем өндіретін зауытының құрылысы» жобасының құны 435,6 миллион теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 2700 тонна. Жоба бойынша 4 жаңа жұмыс орны ашылды. «Оңтүстік халал тағамдары» ЖШС «Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдері өндірісі» жобасының құны – 2560 миллион теңге. Жылына 1757 тонна ет өнімдерін өндіретін кәсіпорында 153 жаңа жұмыс орны ашылды. 2016 жылдың екінші жартыжылдығында құны 13,9 миллиард теңгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске асырылуда. Өндіріс ошақтары пайдалануға берілгенде 205 жаңа жұмыс орны ашылады. «KazMiya» ЖШС жүзеге асыратын «Мия тамырын өңдейтін шағын зауыт» жобасының құны 900 миллион теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 300 тонна. Жоба бойынша 60 жаңа жұмыс орны ашылады. «Гипс және гипс өнімдерін өндіретін зауытты жаңалау және қайта жаңғырту» жобасының құны – 2500 миллион теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 270,0 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларын және гипсті бұйымдарды өндіру. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орны ашылады. «Жамбылгипс» акционерлік қоғамы іске қосатын өндіріс орнында 50 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. Құны 585,5 миллион теңге болатын «Бағұл» ЖШС «Дәнекерлеу электродтарының қуаттылығын кеңейту» жобасының жылдық қуаттылығы – 2 мың тонна. Жоба бойынша 45 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Өңірдегі іргелі компаниялардың бірі – «Қазфосфат» ЖШС-ның «Минералды тыңайтқыштар зауыты» ЖШС – «ЭФК-1 экстракциялық фосфор қышқылы өндірісінің технологиялық жүйесін қайта жаңғыртудың бірінші кезеңі» жобасына қаралған қаржы – 8200 миллион теңге. Өндіріс толық қуатында жұмыс істегенде жылына 220 мың тонна өнім өндіреді. «ҚазУпакТрейд» ЖШС-ның «Гипс және гипсокартон өндіретін кешеннің құрылысы» жобасының құны 1 725,0 миллион теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 150,0 мың тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Келер жылы жалпы құны 27,3 миллиард теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру, 1228 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Ал 2018 жылы жалпы құны 361,0 миллиард теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, 2238 жаңа жұмыс орны ашылады. 2019 жылы жалпы құны 0,9 миллиард теңгені құрайтын 1 инвестициялық жобаны іске асырылуы жоспарлануда, онда 30 адам тұрақты жұмыс істейтін болады. Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығынан кейін де өңірде жүзеге асатын жобалар жоспарланған. Мәселен, 29 миллиард теңгенің жобасы 2020 жылы жүзеге асырылуы тиіс. Онда 300 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал 2021 жылы жалпы құны 45,05 миллиард теңгені құрайтын 1 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, 800 жаңа жұмыс орны ашылады. «Аурум Дойчланд АГ» ЖШС-ның «Тау-кен металлургиялық комбинатының құрылысы және алтын құрамы бар кенін игеру» жобасының құны 45050 миллион теңге. Жылына 5100 килограмм «Доре» алтынын өндіретін кәсіпорында 800 жаңа жұмыс орны ашылады. Индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында, одан кейінгі жылдарында облыста осындай ауқымды жұмыстар жүзеге асырылады деп күтілуде. Әрбір инвестициялық жобаның уақтылы әрі сапалы пайдалануға берілуі басқарма тарапынан тұрақты бақылауда болады.