Денсаулық

Бақытжанның бірқапайлары

Бақытжанның бірқапайлары

Бақытжан Советұлы – Меркі ауданының Меркі ауылында туылған. ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Мамандығы – журналист. Республикалық «Санат» баспасында редактор, «Ара-Шмель» сықақ журналында фельетонист болып қызмет атқарған. Ұзақ жылдар бойы «Қазақстан» ұлттық телеарнасы «Қазақстан-Тараз» телевизиясында жемісті еңбек етті. Қазіргі таңда Республикалық «Қазақ радиосының» Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі. Жазған өлеңдері мен сықақтары облыстық, республикалық басылымдарда жиі жарияланып жүр. «Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл», «Көксандық күмбірі» атты құрастырған кітаптары, «Мен де бірдеңе дейінші», «Ерін туралы ертегі» және «Бұл мен ғой» атты сықақтар жинағы жарық көрген. Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі. Ердің жасы 50-ге толып отырған әріптесімізге шығармашылық табыс тілей отырып, бірнеше сатиралық өлеңдерін оқырмандар назарына ұсынғанды жөн көрдік. мода – Қызым, тоқташы. Не болды ата, жәй ма? – Жәй, әкең бар ма, қызым? – Бар. – Шешең ше? – Бар. – Жұмыс істей ме? – Істейді. – Ішпей ме? –Ішпейді. – Онда жалақылары аз-ау деймін. – Жоқ. Керісінше көп. Әкемнің бизнесі бар. Бордақылап сатады мал. Шешем де емес тықыр. Білдей бір мекеменің бас бухгалтері, Құдайға шүкір. – Онда қызым, Жыртық шалбармен неге жүрсің, Дейсің бе әлде ел күлсін. Жылт-жылт еткізбей сан етіңді, Жамап алсайшы, құрсын. – Ә, мынау ма? Бұл мода ата, мода! – Сонда қалай? – Бұл сән шалбар ғой, Тігілген солай. Өздеріңіз де киген шығарсыздар, Жас кездеріңізді «Джинсиді» талай. – Жоқ. «Жын-сымыңды» біз білмейтінбіз. Жыртық шалбарды өліп кетсек те кимейтінбіз. Дал-далымыз шығып, Көшеде жүрмейтінбіз. Қой, қызым, тілімді алсаң бұны киме, Жөні түзу шалбар бар шығар үйде. – Ой, аташка, хватит, а! Түк түсінбейсіз бәрібір – «Деревня» – деді де қыз жөніне кетті, Ал ақсақал амалсыз, шымшып қала берді бетті. Болашақ  бала – Папа-ау! – Ау, балам? – Анау не? – Ол мектеп қой. – Мектеп? – Иә, мектеп. Кішкене өсші ептеп, Келер жылы сонда барасың Он жыл оқып, білім аласың. Сонан соң институтқа түсірем! – Онда не істеймін? – Бес жыл оқисың, Зердеңе білім тоқисың – Папа-ау. – Ау. – Бірдеңе айтсам, Ұрыспайсың ба? – Жо-жоқ, құлыным. Саған ұрысқанша, Жұлынсын менің жұлыным. – Менің оқығым келмейді. – А, не дейді?! – Оқығым келмейді деймін. Оданша коммерсант болам. «Мерседес» мініп, Әй-әй әйел алам. – Не, ғалым болғың келмей ме? – Ғалым?! Ол кім? – Ол мына мен – Сенің әкең! – Жо-жоқ! Мен сіз сияқты болмаймын. Керегі жоқ, Оқуыңа бармаймын. – Неге? Себебі сен жаяу жүресің, Тек үй мен жұмысты ғана білесің Ал коммерсанттар өйтпейді, Әдемі мәшине мініп жүйткиді – Қой, қой, балам, «Жақсы сөз – жарым ырыс», Сен көп оқып – Азамат болуға тырыс! Жарай ма?... * * * Осы жерде әкесіне өкпелеп, Бұртиып қалды бала. Заман солай болса, Оған енді не шара?.. Байлық деген далбаса Мынауың не тұрысың? Бүйткен күнің құрысын! Тапқан ақшаң азғантай, Оңбады ғой бір ісің. Ана көрші жас бала, Тапқаны енді масқара... Білдей өзі коммерсант, Құйылып жатыр ақша да. Астында аппақ «Вольвасы» Бизнесмен кілең жолдасы, – деп айқайлап әйелі күйеуіне ұрысты: Таста, – деді жұмысты. Баста, – деді – тың істі. Ресейменен Қытай бар, Қалтаңа ақша салып ал, Өтімді тауар сатып ал. Жас бала құрлы жоқсың ба? Ұяттың бәрін жиып қой, Мәселенің барлығы, Ақшада екенін біліп қой. Біз де бизнесмен болайық, Көлік сатып алайық. Доллар жинап тау етіп, Көлдей шалқып қалайық, деп күңкілдеп күніге қатыны. Мазаны әбден алған соң, Күйеуі тастап жұмысты Коммерсант болуға тырысты, Көбейтіп енді жүрісті. Қытай кетті қыдырып, Ресей кетті жүгіріп, Күн-түн тыным таппады, Дамыл тауып жатпады. Үйіне де қонбады, Сонда да ақша болмады, Ісі де бір оңбады. Зыр жүгіріп жүргенде, Түрмеге түсіп қалғаны... ... Баланы өзі баға алмай, Тамаққа ақша таба алмай, Бүгінде әйелі жылап жүр, Құдайдан кешірім сұрап жүр... * * * Қанағат, рахым болмаса, Байлық деген – далбаса. Төбет пен үй күшігі – Аф, аф! Ау, күшік. Осы мен саған таңғаламын. Адамнан қулық аспаушы еді. Қу Түкең де, Алдымнан қия баспаушы еді. Ал сен болсаң, Үйіне кіріп алдың, Масыл болып, Мойнына мініп алдың. Қазір бір жанға үрмесең де, Бөтендерге сес көрсете білмесең де, Құрақ ұшып алдыңда, Баласынан бетер мәпелеп, Саябақта жүреді жетелеп. Ал мен болсам, Оларға адал қызмет еттім. Күндіз үй, Түнде кірпік қақпай, Қой күзеттім. Сөйтіп, Ит деген атыма адал болдым. Қожайынға саулық тілеп. Ыстығына күйіп, Суығына тоңдым. – Әф, әф! Ау, Төбет! Ол заман келмеске кетті ғой. Біле білсең, Сендердің түптеріңе Білместіктерің жетті ғой. Бүгінде бар күшік қалада, Не бар қаңғып, Қой соңында – далада?! Сендер ғой ақымақ болдыңдар. Қақаған қыста, Қой соңында тоңдыңдар. Күндіз-түні жүгіріп жүріп. Арсылдап үріп, Ұйқы көрмедіңдер. Керек десең тышқақ лақты да, Қасқырға бермедіңдер. Сондағы қойың қайсы. Бәрі құрып бітті. Оны Қасқыр емес, Адамның қасқыры жеп құртты. Сондықтан сен де, Қалаға тез қоныс теп. Мұнда не көп, сүйек-саяқ көп. Мүмкін біреу, Мүсіркеп, үйіне кіргізіп алар, Тілін тапсаң, тіпті, Бетіңді сүйіп жалар. Ол үшін тек, Жоныңды күдірейте берме. Үретінге-үр, Күлетінге-күл, Мысық құсап,еркелеп жүр. * * * Міне нарық заманы осы, Зәлім ит-сұм адамның досы!