Мәдениет

Астанада Жамбыл облысының күндері өтеді

The final spritzer

Астанада Жамбыл облысының күндері өтеді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қыркүйек айының 23-25 аралығында Астанада Жамбыл облысының күндері өтеді. Осыған байланысты бірқатар мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланған. Онда «Қазақстанда жасалған» деген атаумен өңір шаруаларының өнімдері жәрмеңкеге шығарылады. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық мұражайында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрмесі ұйымдастырылады. Облыстық қазақ драма театры облыстың Астанадағы күндерінде М.Әуезовтің «Қилы заман» тарихи драмасы мен «Еңлік-Кебек» трагедиялық қойылымдарын Елорда жұртшылығының назарына ұсынбақ. Бұдан өзге облыстық орыс драма театры С.Маршактың балаларға арналған «Мысықтың үйі» ертегісін, Ф.Булякованың «Кемпірлер тұрмысқа шыққанда» комедиялық қойылымы мен «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» театрлан­дырылған қойылымын қоюды жоспарлап отыр. Бейбітшілік және Келісім Сарайында «Ұлы Дала – Ұлысым» атты гала-концертінен соң, Астанадағы облысымыздың мәдениет күндерінің жабылу салтанаты өтеді.