Білім

Таразда робототехника оқу-зертханасы ашылды

Таразда робототехника оқу-зертханасы ашылды

Тараз мемлекет­тік педагогикалық институтында алғаш рет робототехника оқу-зертханасы ашылды. «Робототехника», «Мектептегі робототехника» дәрісханалары 50 дана Lego, Tetrix, Аrduino роботтарымен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық нұсқау­лықтармен жабдықталған. Бұдан былай институттың физика-математика факультетінде студенттер мен мектеп оқушыларының робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілет­терін дамыту мақсатында «Информатика және есептеу техникасы», «Математика және математиканы оқыту әдістемесі», «Физика және физиканы оқыту әдістемесі» кафедраларында «Электротехника», «Радиотехника», «Электроника негіздері» және «Мектептегі робототехника» оқу-зертханалары жұмыс істейді. Факультеттің орта және арнайы мектептердегі информатика пәні мұғалімдерінің робототехника, электроника негіздері мен радиотехника пәндері бойынша біліктілігін көтеруге арналған материалдық және ресурстық база орталығы ашылып отыр. Осылайша, «Marwin» брендімен жеткізілген робот жасауға арналған жиынтықтар арқылы студенттерге теория мен тәжірибені ұштастырып, заманауи құралды терең меңгеруге жол ашылмақ.

«Ақ жол-Ақпарат».