Құқық

Тоқтар Төлешовтің соты 14 қыркүйекте өтеді Қылмыстық іс көлемі 300 томға жетті

Тоқтар Төлешовтің соты 14 қыркүйекте өтеді Қылмыстық іс көлемі 300 томға жетті

Бизнесмен Тоқтар Төлешовтің ісіне қатысты 5 қыркүйекте болған алдын ала тыңдау бойынша, іс қорытындыланып, өндіріске жіберілді. Басты сот отырысының уақыты 14 қыркүйекке белгіленіп отыр.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық әскери соты мәлімдеуінше, алғашқы отырыс келесі аптада өтеді деп күтілуде. Қылмыстық іс көлемі 300 томға жеткен. Сот отырысы 14 қыркүйекке белгіленген, іс құрамында мемлекеттік құпия болып есептелетін материалдар бар болуына байланысты жабық режімде өтеді. «Кәсіпкер Тоқтар Төлешов 16 қылмысқа қатысы бар деп айыпталуда. Жалпы іске 25 айыпталушы, 16 адвокат-қорғаушы, 104 куәгер, 17 зардап шегуші және зардап шегушілердің 2 өкілі кіріп отыр», – деп хабарлады Қазақстан Республикасының әскери сотының баспасөз хатшысы.