Спорт және туризм

Головкин Брукті бүк түсіре ме?

Головкин Брукті бүк түсіре ме?

Қазақстандық жанкүйерлер тағатсыздана күтіп отырған Ген­­на­дий Головкин мен Келли Брук арасындағы бокс кездесуін қы­р­күйектің 10-ы күні, сағат 23:00-де «Қазақстан» мен «Kazsport» телеарналары тіке­лей эфирде көр­сететін болады. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsport.kz. сайттары арқылы жек­­пе-жектің онлайн-көр­сеті­лімі жүр­гізіледі. Лондонда орналасқан Еуропа­ның ең үлкен ареналарының бірі – 20 мың адамдық «О2» спорт кешенінде орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF нұс­қасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Келли Брукпен жұ­дырық түйістірмек. 34 жастағы Головкин үшін бұл 36-шы белдесу және боксерлік шаршы алаңына 17-ші рет чемпион есебінде шығуы. Одан бұрынғы 35 жекпе-жегінің барлығында ол жеңіске жеткен (оның ішінде 32-і нокаут). Ал оның қарсыласы 30 жастағы Брук те еш жеңілмеген, 36 жұдырықтасуды таза жеңіспен аяқ­таған (оның ішінде 25-і нокаут).

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».