Спорт және туризм

Пол Смит: «Бруктің Головкиннен аулақ жүргені дұрыс»

Пол Смит: «Бруктің Головкиннен аулақ жүргені дұрыс»

Британдық Пол Смит өзінің отандасы Келл Брук үшін Геннадий Головкинмен жекпе-жек аса ауыр болады деп санайды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. Бұл туралы Sports.kz хабарлады. «Келл орта салмақта өте әдемі болып тұр - фото мен видеодан оның формада екенін байқадым. Бруктің түр-түсі орта салмақ секілді көрінеді, бірақ ол орта салмақтағы жақсы боксшы емес. GGG - әрине, ең күшті орта салмақ боксшысы. Головкин әлемге жоюшы, қиратушы ретінде танымал, сондықтан Бруктің Головкиннен аулақ жүргені дұрыс. 12 раунд бойы Брук айла-амалмен оның жұдырықтарын дарытпауы керек. Орта және екінші орта салмақта Головкинді тоқтататын боксшы бар деп ойламаймын, ол өте мықты, - деді Смит Sky Sports берген сұхбатында.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат