Денсаулық

Футбол: Қазақстан ӘЧ-2018 іріктеу кезеңінде Польшамен тең түсті

Футбол: Қазақстан ӘЧ-2018 іріктеу кезеңінде Польшамен тең түсті

Қазақстан құрамасы футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турында Польша құрамасымен тең түсті. Астанада өткен матчтың алғашқы кезеңі Қазақстан футболшылары үшін өте сәтсіз өтті. Алдымен Бартош Капустка ойынның 9-минутында есеп ашса, 35-минутта Роберт Левандовски есепті 0:2-ге жеткізді. Екінші таймның басында Қазақстан құрамасы нағыз сенсация жасады. Алаң иелері небәрі сегіз минуттың ішінде есепті теңестіре алды. Ойынның 51-ші және 59-шы минуттарда Сергей Хижниченко дубль жасап, ұлттық құрамаға 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турында алғашқы ұпай сыйлады.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат