Синдзо Абэ ҚР Президентін Нагасакиге шақырды
Синдзо Абэ ҚР Президентін Нагасакиге шақырды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту перспективалары тәрізді екіжақты өзара іс-қимылдың басты бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер жөнінде пікір алмасты. С.Абэ еліміздің ядролық қарусыздану ісіндегі маңызды еңбегін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы сапары барысында Нагасакиге келуге шақырды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат