Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында екіжақты кездесулер өткізді.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Қазақстан Президенті G20 саммитіне қатысу аясында бірқатар мемлекет және делегация басшыларымен қысқа келіссөздер өткізді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен, Франция Президенті Ф.Олландпен, Германияның Федеральды канцлері А.Меркельмен, Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен, Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Д.Зумамен, Мысыр Президенті А.Сисимен, Сенегал Президенті М.Саллмен, сондай-ақ Аргентина Президенті М.Макримен әңгімелесті. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Испанияның Премьер-Министрі М.Рахой, Италияның Премьер-Министрі М.Ренци, Үндістанның Премьер-Министрі Н.Модимен екіжақты ынтымақтастықтың түрлі мәселелері жөніндегі пікір алмасты. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті халықаралық ұйымдардың басшылары - Еуропалық кеңестің төрағасы Д.Тускпен, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры К.Лагардпен, Қаржылық тұрақтылық жөніндегі кеңестің төрағасы М.Карнимен және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының басшысы А.Гурриамен өзара іс-қимылдың кейбір жайттарын талқылады.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат