Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесі аясында «G-20» қамқорлығымен арнайы шара өткізуді ұсынды
Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесі аясында «G-20» қамқорлығымен арнайы шара өткізуді ұсынды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «G-20» саммитінде барлық мемлекеттерді «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне белсенді қатысуға шақырып, оның аясында үлкен жиырмалықтың қамқорлығымен арнайы шара өткізуді ұсынды. «Қазақстан БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын, Париж келісімін және «жасыл экономика» ұстанымдарын жүзеге асыруға белсенді жәрдемін береді. Оған 2017 жылы Астанада «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін «ЭКСПО» халықаралық көрмесі де септігін тигізеді. Мұнымен қатар біз «Астана» халықаралық қаржы орталығын құрамыз. Барлық мемлекеттерді Астанадағы «ЭКСПО» көрмесіне белсенді қатысуға шақырамын. Оның аясында «G-20» қамқорлығымен сәйкесінше іс-шаралар өтізуге де болар еді», - деді ҚР Президенті. Еске салсақ, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат