Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек халқына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек халқына көңіл айтты
Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімовтің қаза болуына байланысты өзбек халқына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі. Бұл туралы ол өзінің твиттердегі парақшасында жазды. "Өзбекістанның тұңғыш Президенті Ислам Кәрімов қайтыс болуына өзбек xалқына шын жүрегімізбен көңіл білдіреміз. Иманды болсын" - делінген хабарламада. Ақпарат көзі: Baq.kz.