Террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай нөмір белгіленді
Террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай нөмір белгіленді
Қазақстанда террористік қауіп-қатерге байланысты хабарламалар қабылдайтын бірыңғай нөмір белгіленді. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты хабарлайды. Радикалды топтардың жымысқы әрекеті мен арам ойларын жүзеге асыру туралы қандай да бір хабары бар тұрғындар дереу «110» нөміріне хабарласса болады. Осы нөмір бойынша Қазақстанның кез келген аймағынан келіп түскен қоңырау аумақтық белгісі бойынша ҰҚК департаменттерінің кезекшілік қызметтеріне жолданады. Қазіргі кезде ҰҚК келісімге қол жеткізген аудандық, қалалық телефондардан және Beeline мобильді операторының нөмірлерінен тегін қоңырау шалуға болады. Басқа байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілуде. Ақпарат көзі: www.24.kz