Ұлыбританиялықтар көзімен: Головкин - әлемдегі үздік боксшы
Ұлыбританиялықтар көзімен: Головкин - әлемдегі үздік боксшы
Шетелдік skysports.com сайты әлемдегі үздік боксшыны анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Оқырмандар берген дауыс арқылы және сайт сарапшылары бір ауыздан қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкинді әлемдегі үздік боксшы деп жариялады. Бір ескере кетерлігі, боксшылар салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P, Pound-for-pound), дауысқа салынды, деп жазады massaget.kz. Орта салмақ дәрежесінде WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 9.337 ұпай жинап, америкалық боксшы Андре Уордты (5.519 ұпай) және ресейлік боксшы Сергей Ковалевті (4.202 ұпай) артқа тастады. P4P үздік ондық қатарына төртінші боп енген америкалық боксшы Теренс Кроуфорд - 4.199, бесінші реттен бой көрсеткен британиялық Карл Фрэмптон - 4.196, алтыншы орында мексикалық Сауль Альварес 3.847 ұпай еншіледі. Ал британиялық Келл Брук небәрі 3.497 ұпаймен жетінші орынға табан тіреді. Соңғы орындардан табылған боксшылар: украиналық Василий Ломаченко (3.026 ұпай), никарагуалық Роман Гонсалес (2.941 ұпай) кубалық Гильермо Ригондо (2.693).
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат