Денсаулық

Джеки Чан «Оскар» сыйлығын алады

Джеки Чан «Оскар» сыйлығын алады

"Танымал қытайлық кино әртісі әрі жекпе-жек өнерінің шебері Джеки Чан кинематография саласындағы ерен еңбегі үшін «Оскар» сыйлығын алады" делінген америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясының мәлімдемесінде. Марапаттау рәсімі 12 қараша күні Лос-Анджелесте өтеді. Гонконг тумасымен қатар ескерткіш сыйлықпен деректі фильм шебері Фредерик Уайзман, монтаждаушы Энн Коутс пен әртістерді іріктеу режиссері Линн Сталмастер марапатталмақ, деп жазады РИА Новости. Джеки Чан 100-ден астам фильмнің басты рөлін сомдаған. Ол өзінің акробатикалық жекпе-жек стилімен және күлдіргі бейнесімен көпшілікке танымал.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат