Жамбыл облысында есірткі қолдануды насихаттаған Youtube-тің 40 каналы бұғатталды
Жамбыл облысында есірткі қолдануды насихаттаған Youtube-тің 40 каналы бұғатталды
Жамбыл облысында бақылау органы интернетте бірқатар видеороликтерді бұғаттап тастады. Бұл туралы аймақтық прокуратураның баспасөз қызметі хабарладды. «Шу ауданаралық прокуратурасы жүргізген БАҚ-қа мониторинг кезінде есірткіні қолдануды насихаттайтын танымал Youtube видеохостингінің форумдары (канал) анықталды, - деді ауданаралық прокурордың міндетін атқарушы М. Естаев. - Яғни онда марихуана, наша, қарасора сынды есірткі заттарын даярлау және қолдану жолдары көрсетілген». Ауданаралық прокуратура Шу ауданаралық сотына осындай 41 интернет-ресурстың қызметін заңсыз деп тану туралы шағым түсірген. Қазіргі сәтте аталған интернет-ресурстар заңды негізді бұғатталды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат