Денсаулық

66 жастағы ақмолалық спортшы ел чемпионатының жеңімпазы атанды

66 жастағы ақмолалық спортшы ел чемпионатының жеңімпазы атанды

Ақмола облысының тұрғыны 66 жастағы Валерий Карагаев Астанада өткен велоспорттан әуесқойлар мен ардагерлердің ІІ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды. Бұл туралы Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасынан хабарланды. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, Ресей мен Қырғызстаннан, Египет пен Франциядан келген 117 әуесқой велосипедшілер қатысқан болатын. Әртүрлі жас санаты бойынша күш сынасқан қатысушылар үш қашықтық бойынша жеңімпаздарды анықтады. Атап айтқанда, әуесқойлар әртүрлі старттағы жеке жарыс, топтық жарыс және  критериум жарысы бойынша сайысқа түскен еді.65 және одан жоғары жастағылар тобында Ақмола облысының тумасы Валерий Карагаев 9 және 20 шақырым қашықтықта ешкімге дес бермей, алтын медальді жеңіп алды. «Салауатты өмір салтын белсенді ұстанатын Валерий Карагаев жастарға үлкен үлгі. Ол алдағы уақытта Павлодар қаласында өтетін халықаралық веложарысқа белсенді дайындыққа кірісіп кетті», - делінген баспасөз баянында. null

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат