Назарбаев жер реформасы жайлы: Үкіметтің ниеті адал еді
Назарбаев жер реформасы жайлы: Үкіметтің ниеті адал еді
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер заңнамасына енгізіледі делінген бірінші түзетулердің елдің ауыл шаруашылығын көтеруге бағытталғанын атап өтті. Қоғамда болған дүрлігу, оның айтуынша, бұл нормаларды халыққа қажетті деңгейде түсіндірмеуден болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Назарбаевтың айтуынша, Жер реформасы жөніндегі комиссия көп жұмыс атқарды, қоғамды алаңдатқан проблемалық мәселелерді талқылады, сөйтіп, көптеген кемшіліктер мен шалалықтарды анықтап, есепке алды. "Осы заңнамада болатын бірқатар ұсыныс жасалды, оны парламент үкіметке ұсынды. Нақтырақ айтқанда, бұл ауыл шаруашылығы жерлерін беру процедурасын жетілдіру, жерді тиімді қолдануға бақылауды күшейту мәселелері болған. Шын мәнінде біз бір адамға бірнеше жүз мың гектарды бірден беруге болмайтынын есепке алдық, мұндай жағдай әлемде жоқ. Ал біз жұмысымыздың бірінші күнінде-ақ бар мүмкіндікті бердік, жерді алған адам оған жауап беруі тиіс, жер ауыл шаруашылығы ісінде тәжірибесі бар, фермер болып жұмыс істей алатын, білімі бар, тәжірибесі бар адамға беріледі. Ал бізде кім көрінген алып алды, қазір прокуратура мен сот арқылы бұл жерлерді мемлекетке қайтарып жатырмыз, себебі осы жылдар бойы жердің қурайы шығып кетті, осылайша тіпті көршілеріне де шығын келтірді", - деді елбасы. Сонымен қатар, ол жер заңнамасына түзетулер енгізу туралы шешімді қабылдауда үкіметтің ниеті адал болғанын айтты. "Агроөнеркәсіп саласына қаражат тарту еді, онда адамдар көп. Ауыл шаруашылығын көтеру экономиканың көп саласына жақсы әсерін береді. Барлық аграриялар мемлекеттің қаншама тер төккенін біледі. Жыл сайын аграрлық секторға қыруар қаражат бөлінеді, бұл қаражат кейде өз жемісін бермейді, сөйтіп, осы іспен айналысатын компаниялардың қарызы өсе береді, олар ертеде банкротқа ұшырайтын еді, бірақ біз бұған жол бермейміз, қарызын өсіре береміз, күндердің күнінде оның да шегі көрінеді. Заманауи экономикада мұндай жағдайлар болмауы тиіс. Оның себебі еңбек өнімділігінің төмендігінде, себебі өз деңгейінде өндірмейміз және ауыл шаруашылық өнімінің құнының қосындысын өсіре алмаймыз. Сондықтан қаражат қажет, инвестиция қажет, сонда да бұл іспен айналысуымен кезек, бүкіл әлемде ауыл шаруашылығын инвестиция тарту үшін жұмыс істейді - бұл экономиканың күрделі секторы", - деді ҚР Президенті. Еске салайық, Жер комиссиясының соңғы отырысында он негізгі ұсыныс айтылған болатын. Солардың бірі мораторийді 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту еді. Отырыста премьер-министрдің орынбасары - ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов егер бұл ұсынысты Президент қабылдаса, комиссияның жұмысы аяқталатынын атап өткен болатын.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz