Денсаулық

Сауд Арабиясында 10 мың имам қысқартылды

Сауд Арабиясында 10 мың имам қысқартылды

Сауд Арабиясының ислам істері жөніндегі министрлігі 10 мың наиб имамды бюджет қаржысын үнемдеу үшін қысқартып жатыр. Үнемделетін ақша көлемі 360 млн сауд риалы (96 млн АҚШ доллар). Корольдіктің билігі наиб имамдарға штаттағы имам қызметіне ауысу не жұмысын мүлде тастау керектігін ескертіп, таңдау берді. «Көптеген адам наиб имамдардың ай сайын 800 АҚШ доллары көлемінде жалақы алып келгенін сынға алған болатын. Себебі олар негізгі имамдардың орынбасарлары түк бітірмейді деп санайды. Бұдан кейін осы категориядағы діни қызметкердің жұмысы толық жұмыс күніне ауысып, міндетті түрде дінтану бойынша бакалавр деңгейде білімі болуы талап етілмек», - деп мәлімдеді ислам істері жөніндегі министр.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат