Денсаулық

«Егемен Қазақстан» шетелдерде меншікті тілшілер қосынын ашпақ

«Егемен Қазақстан» шетелдерде меншікті тілшілер қосынын ашпақ

«Егемен Қазақстанда» елеулі өзгерістер бар.

Бірінші қыркүйектен бастап еліміздің бас басылымы жаңа дизайнда басылып шығады. Газет атауының жазылу стилі, бояуы, қаріпі және ішкі мазмұндық құрылымы өзгерді. Сондай-ақ басылымның жаңа логотипі де жасалды. Ал газеттің Астанадағы таралымы толығымен түрлі-түсті бояумен жарық көреді. Сонымен қатар шетелдерде «Егемен Қазақстанның» меншікті тілшілер қосынын ашу жоспары бар.

Дархан Қыдырәлі, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы: - Біз бір айдың көлемінде әлемдік басылымдарды салыстырып, соларды сараптап, газеттің жаңа макеті мен логотипін жасадық. Өздеріңізге мәлім, «Егемен Қазақстан» әр кезеңде әртүрлі шығып келді. Әуелі 1919 жылы «Ұшқын» және «Еңбек туы» араб қарібімен жарияланса, одан кейін «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан» латын қарібімен, ал одан кейін «Социалистік Қазақстан» кириллицамен жарияланып келді. Тәуелсіздік алар тұста Шерхан Мұртаза басқарған кезде «Егемен Қазақстанның» логотипі, жазу шрифі өзгерді. Ал Әбіш Кекілбаев тұсында «Егемен Қазақстан» деген жаңа атау алды. Ақпарат көзі: www.24.kz