Денсаулық

Өзбекстанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралар кейінге қалдырылды

Өзбекстанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралар кейінге қалдырылды

Өзбекстанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 31 тамызға белгіленген салтанатты шаралар кейінге қалдырылды, - деп хабарлайдыBBC орыс қызметі. Басылымның мәліметінше, алдыңғы жылдары Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов әдетте жұртшылықтың алдына шығып, халқын осы мерекемен құттықтайтын. Алайда таяуда ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Алайда басылым мерекелік іс-шаралардың Өзбекстан президентінің ауырып қалуына байланысты кейінге қалдырды ма, жоқ па - ол жағын нақтыламайды. Кәрімовтің басына миына қан құйылып, жансақтау бөлімінде жатқанын оның кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева 29 тамызда хабарлаған болатын. Сол күні Орталық Азияның орыс тілінде хабар тарататын "Ферғана" ақпарат агенттігі Кәрімов 29 тамызда сағат 15-16 шамасында қайтыс болды деген жаңалық таратты. Кейін бұл мәліметті Өзбекстан әкімшілігіндегі дереккөздер жоққа шығарды.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz